Еңбекші ауданындағы 35 елдімекеннің тұрғындар шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Бұл жөнінде бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек @akimat_shymkent парақшасында өткен тікелей эфир кезінде айтты. Аудан басшысы биылғы жылғы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып, тұрғындардан келіп түскен 40-тан аса сауалға жауап берді.
✔️ Биыл 6 тұрғын алаптың (Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Айнатас, Жыланбұзған) жаңақұрылыс аймағындағы 2 мыңнан аса абонентті ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленді. Осы жылы құрылыс жұмыстары басталса, ауданның 2023 жылы ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 %-ға жетеді.
✔️ 2500 абонентті сапалы электр қуатымен қамту үшін жобалау-сметалық құжат әзірленді. Биыл құрылыс жұмыстарын бастау күтілуде.
✔️ 13 тұрғын алаптың жаңақұрылыс аймағындағы табиғи газ жүйесімен қамтылмаған жалпы 6149 абонентке сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) әзірленуде. Ауданды толығымен 2025 жылы табиғи газбен қамту жоспарда бар.
✔️ Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Солтүстік-шығыс, Жұлдыз елдімекенінің 5 мыңға жуық абоненті кәріз жүйесімен қамтылады.
✔️ 34 көше жарықтандырылады.
✔️ 69,9 шақырымды құрайтын 116 көше асфальтталады, оның ішінде басымдылық шалғай аумақтарға беріліп отыр.
✔️ «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көпқабатты 51 үйдің ауласы абаттандырылып, Тұрдыабад, Қарабастау, Бадам-2 т/а, Оңтүстік, Цементшілер ш/а балалар ойын алаңшалары құрылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments