Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. 2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Жауапты мердігер мекеме – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынуда, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Жалпы 16 шақырымның 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments