АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

Қала тұрғындарының назарына!  

Қала тұрғындарын алаяқтардың құрбаны болмауға шақырамыз. Бүгінде алаяқтық жолмен өздерін тұрғын үй басқармасының қызметкері немесе жоғарғы орган өкілі атынан жазылған жалған хаттар, немесе өздерін жоғары орган өкілі кейіпінде таныстыру қоңырау шалулары, алдау-арбау арқылы сеніміне кіру, сондай ақ вацап әлеуметтік желісінен баспаналы болғандығы жөнінде басқа да жалған құжаттамалар жолдау жайттары орын алуда. Тұрғындар кейде халыққа қызмет көрсету орындарында (ЦОН) құжатыңды жасап, үй кезегіне тұрғызамын, кезексіз үй әперемін деп кезігетіндердің барын айтып шағымдануда.

Егер, тұрғын үй мәселесіне қатысты күмәнді немесе күдік тудыратын жағдайларға тап болсаңыз бірден құқық қорғау органдарына немесе тұрғын үй басқармасына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Кезектегі азаматтар тарапынан қандайда бір құжат жаңарту қажеттіліктері туындаған жағдайда, оларға басқарма қызметкерлері тікелей хабарласып шақырту арқылы жұмыс жүргізеді. Тұрғын үй мәселесіне қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7252) 56 10 03 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Алаяқтық әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексiнің 190-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру жазасына алып келеді.

ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ОРТАЛЫҚТА ОРНАЛАСҚАН ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *