Қалада соңғы тәулікте коронавирустың 26 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 15, белгілері жоқ – 11). 3 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 23 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған орын инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 35% — ды құрайды, 578 төсек бос. Инфекциялық стационарда 305 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –135 төсек орын бар, 55 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 19 адам вакцина алды
(I компонент- 12, II компонент- 7). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 321 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 964 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 38 489 адам, II компонентін 15 034 адам қабылдады. Сондай-ақ , 88 880адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Comments