АймақЖаңалықтарҚоғам

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ ЕКІНШІ ЖАҚ БӨЛІГІ ЕРТЕҢНЕН БАСТАП ЖАБЫЛАДЫ  

Шымкент қаласында 8 қаңтар күні көлік қозғалысы үшін маңызды нысан саналатын Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы басталған болатын. Осыған байланысты Арғынбеков көшесінде Бәйдібек би көшесінен Жүсіпов көшесіне дейінгі аралықтағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. 

30 қаңтардан бастап батыстан шығысқа қарай Байтұрсынов көшесінен Бәйдібек би даңғылына дейінгі аралық жабылмақ. Құрылыс жұмыстарына байланысты бүгін қала әкімінің орынбасары М.Исахов көше бойындағы тұрғын үй иелерімен кездесті. Тұрғындар үшін қосымша қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктері қарастырылды.

2022-2023 жылдар аралығына жоспарланған үш деңгейлі жолайрықта Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Құрылыс жоспарына сәйкес ені 80 метрлі 4-6 жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 89 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *