АймақЖаңалықтарҚоғам

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың — қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады деген қағидаты негізінде, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының белсенді тұрғындарымен кездесті.

Әкімдік ғимаратындағы мұндай кездесу алдыңғы аптада Қаратау ауданының белсенділерімен өткен болатын. Қала әкімі елді мекендерді аралап, онда тұрғындармен кездесуден бөлек, белсенділермен қоғамдық қабылдаулар өткізуді жүйелі түрде жалғастырмақ.

Бүгінгі жиын барысында Абай ауданына қатысты салалар бойынша мәселе көтерілді. Қала басшысы әр белсенді қозғаған мәселені мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап берді.

Алтынтөбе тұрғындары ағын су, аялдама, жерді рәсімдеу құжаттары, табиғи газ мәселесін көтерсе, қала әкімі Бөржар су қоймасынан Алтынтөбе тұрғын алабына дейін су арнасын салу бойынша ЖСҚ әзірленуде, Шымкент-Бадам тас жолына 2 аялдама орнатылатынын, ал табиғи газ мәселесі осы көктемде шешілетінін түсіндіріп өтті. Қызылжар тұрғындары Темірлан тас жолы бойына (Алаш базары тұсына) жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өткелін соғу, инфрақұрылым мәселесін шешуді сұрады. Мұнда жер асты өткелін соғуға ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданғаны айтылып, Жаңақұрылыс аумағына 210 үйге инфрақұрылым жүйелерін жүргізу мақсатында биыл ЖСҚ әзірленетіндігі айтылды.

Кездесуде мектеп, интернет, жол салу, мазарат қоршау секілді мәселелер де көтерілді. Әрбір атқарылар жұмысты тұрғындарға түсіндіріп, кейбір тұста сала басшыларына ескертулер айтты.

М.Әйтенов мәселенің барлығы кезегімен, жүйелі түрде іске асатынын айтып, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын аудан белсенділеріне де алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ҮШІНШІ РЕТ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ИЕ БОЛДЫ  

Алдыңғы

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ ЕКІНШІ ЖАҚ БӨЛІГІ ЕРТЕҢНЕН БАСТАП ЖАБЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *