АймақЖаңалықтарҚоғам

МӘСЕЛЕЛЕР ӘКІМ НАЗАРЫНДА  

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 3 мыңға жуық тұрғыны бар Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, халқымен кездесті.

Әлеуметтік мәселесі толық шешілмеген тұрғын алапқа қажеттісі табиғи газ, қосымша мектеп, амбулатория, мәдениет үйі мен спорт алаңшасы және асфальт жол.

Елді мекенге өткен жылы ауыз су құбыры тартылып, тұрғындар толығымен таза сумен қамтылды. Сонымен бірге сапалы электрмен қамту бойынша да тиісті құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінде абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Табиғи газбен қамту бойынша биыл ЖСҚ әзірленіп, 2023 көгілдір отын мәселесі толық шешіледі. Тұрғындармен ашық диалогта сөйлескен қала басшысы елді мекендегі өзекті мәселелер рет-ретімен шешілетіндігін айтты. Сонымен бірге, әкім газбен қамту мәселесіне баса назар аударып, тиісті жұмыстарды тез аяқтауды және әлеуметтік нысандар салу мәселесін оңтайлы шешуді, ал білім басқармасына мектеп меселесін шешуге инвестор тартуды тапсырды.

Қала әкімі сөз соңында Мемлекет басшысы айтқан халықпен кері байланыс орнату ақрылы кез келген мәселені шешуге болатынын атап өтіп, тұрғындарды алаңдатқан әрбір сұрақ оң шешімін табатынына сенімді екенін жеткізді. Өз кезінде тұрғындар халықтың өтінішін тыңдауға келген әкімге алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ «ЖАҢАТАЛАП» ЕЛДІМЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІКТЕР «СПУТНИК ЛАЙТ» ВАКЦИНАСЫН ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *