АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ 72 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ  

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 85 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 46 адамда белгілері бар болса, 39-да белгілері жоқ. Індет жұқтырған 21 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдығы 47 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 394 науқас емделіп жатса, 48 науқас жансақтау бөлімінде.

Бір тәулік ішінде қалада 324 адам вакцина алды (I компонент- 172, II компонент- 152). Егу науқаны басталғалы барлығы 594 774 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 276 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 32 622 адам, II компонентін 14 067 адам қабылдады. Сондай-ақ, 72 230 адам ревакцинацияланды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 24 қаңтар күні 106 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған нысандар анықталмады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАЛАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАҢА ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Алдыңғы

СИМПТОМСЫЗ НАУҚАСТАР ҮШІН КАРАНТИН МЕРЗІМІ 10 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *