Соңғы екі жылда Шымкент қаласында әлеуметтік қамсыздандыру саласында да көп жұмыс атқарылды.
2020 жылы қаланың 4 ауданында Халықты жұмыспен қамту орталығының филиалдары ашылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықты жұмыспен қамту шараларына соңғы екі жылда 70 мыңнан астам адам қатысып, оның 50 мыңнан астамы жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, экономика салаларында 50 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 29 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1%-дан 5,0%-ға төмендеді.
2021 жылы мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін «Ten Qogam» және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер түріндегі қызметтер көрсетін «Бақытты жанұя» орталықтары ашылды. Сонымен қатар «Аутизм және басқа да менталды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ашылды.
Comments