АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханиятСаясат

ЖАҢА ЖОЛДАУ — ЖАҢА БЕЛЕС

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осымен үшінші рет 2021 жылғы 1 қыркүйекте «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР — ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.
Әр жыл сайын жолдаған Жолдау — еліміз үшін аса маңызды құжат.
2020 жылғы 1 қыркүйекте жолдаған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы көптің көңілінен шығып, үлкен сенім мен үміт артқанын «Жаңа Жолдау – жаңа белес!» тақырыбында шыққан мақалада жан-жақты саралап көрсеткен болатынбыз. Пандемия жағдайындағы сын сағатта бірлік пен татулықты ту еткен қазақстандықтар ел іргесін нықтай түсіп, азаматтық танытты. Бір жыл бұрынғы Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Білім беру саласында да қашықтан білім беру форматында педагогтер қауымы барынша күш-қуатын аямай, оңды істерімен цифрлық құзыреттіліктері мен біліктіліктерін барынша арттыра білді.
Мемлекет басшысы тарапынан барынша қолдау жасалынып, жаңа белестерді бағындыра алды деген толық сеніммен келесі Жолдау мазмұнына зерек қарап қана қоймай, тағы да қолдау білдіретіндігімізді айтқымыз келеді.
Президентіміз биылғы өз Жолдауын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихындағы ел жетістігін екшелей келе: «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда. Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік»-деп атап өтті.
Жаңа Жолдаудың басты ерекшелігі – Тәуелсіздігіміздің құндылығын сезіне отырып, еліміздің өркендеуіне жаңа реформаларды жүйелі іске асыруды мақсат етуі.
ІІІ бөлімдегі «Сапалы білім беру» тақырыбындағы жаңа мақсаттарға зер салсақ:
— педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы пайызға көбеюі:
— оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу:
— қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту:
— елімізде білім беру жүйесін барынша қолжетімді әрі инклюзивті білім беруді дамыту; — халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мемлекеттік грантқа оқуға түсіріп, қаржылай қолдау көрсету және балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру;
— тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету;
— «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтыру;
— мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда тегін бір рет қайта даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру; — 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырманы бір мыңға жеткізу;
— «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру:
— сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі: мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуі.
Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті. Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз.
Жолдау соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз. Қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай боғай..

Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық директоры, ф.ғ.к.

ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Алдыңғы

БҮГІНГІ ЖОЛДАУ — ЕРТЕҢГІ ӘРЕКЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *