АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетСаясат

ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

       Шымкент қаласындағы Әл-Фарбаи атындағы кітапханада  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратау ауданы активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі А.Әліқұлов төрағалық етті.  Аталған жиынға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Балтабаев, Қаратау аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Тоқмағанбетов, №85 жалпы орта мектебінің директоры Ж.Сихамбекова, «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Рахманұлы қатысып, президент жолдауына үн қосты.
Жарыс сөзде сөз алған жиынға қатысушылар   жолдауда басымдық берілген 5 жаңа бастамаға тоқталып,  келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының  мқлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін ұлғаятындығы, өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін реттелетін сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шеңберінде «ұтымды» шаралардың әзірленетіндігі, еңбекақы төлеу қорына жүктемені 2023 жылдан бастап 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді көздейтін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемдердің енгізілетіндігі,  жекелеген азаматтық қызметкерлердің жалақысының 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20 пайызға артатындығы, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банктің» есепшотына аударуларына мүмкіндік беру жайлы талқыланды.  «Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауынан әр қазақстандық жақсы жаңалықтар, үлкен үміт күтетіні сөзсіз.
Президентіміздің қазақстандықтарға жолдаған биылғы  Жолдауы  жақсы жаңалықтармен толығып, жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Осы жолы Мемлекет басшысы білім мен медицина саласына, елдің экономикасы мен экологиясына айрықша мән берді. Жастарға қолжетімді сапалы білім беруіне, денсаулыққа, баспана, су мәселесіне, елдің бүгінгі тыныш-тіршілігіне аса көңіл бөлді.  Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз шешімін тапқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың бұдан да жақсаратынына сеніміміз зор.  Мемлекет басшысы  Қ.Ж.Тоқаевтың  халыққа жолдаған  Жолдауы әрбірімізге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейтінін естен шығармайық!

БАЛАЛАР СПОРТЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

ЖАҢА ЖОЛДАУ — ЖАҢА БЕЛЕС

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *