«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қатонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылындағы көпбалалы отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетті.
Бұған дейін де мұндай қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылып, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тиісінше қолдау көрсетілген болатын.
Қорық-музей тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шараларының мақсаты — өскелең ұрпақ пен мәдени-тарихи сабақтастықты нығайту, тиісінше қолдау көрсету, бауырластық ынтымақты арттыру, балалардың тарихи мұраларға деген көзқарасын жақсарту болып табылады.
Осы орайда, балалармен тілдесіп, олардың тарихи-танымдық бағыттағы ойлары жөнінде пікір алмасқан музей қызметкерлері оқушыларды «Берел» қорық-музейімен танысуға шақырды.
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі
Comments