ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЕКПЕ АЛУҒА ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ ӨТТІ

Шырайлы қаламызда ерікті түрде екпе алатын жандардың қатары артып келеді. Қала тұрғындары жақындары мен өздерінің денсаулықтары үшін үлкен жауапкершілік  қарайды. «Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қаламыздағы  Жастар ресурстық орталығы және ерікті жастар  атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды. Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты.  Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы — екпе алу екенін ұмытпайық,-дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова. Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырған. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған. 

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ №120 МЕКТЕПТІҢ СПОРТТЫҚ КЕШЕНІ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ЖАБДЫҚТАЛҒАН

Алдыңғы

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАУДА ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *