АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ №120 МЕКТЕПТІҢ СПОРТТЫҚ КЕШЕНІ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ЖАБДЫҚТАЛҒАН

Шырайлы қаланың әкімі Мұрат Әйтенов Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
Мектеп жанынан салынған қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы аяқталып, бүгінде мұнда абаттандыру тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін аталған мектептің 926 орынға арналған ғимаратында даярлық тобын қоса алғанда 2116 бала білім алып келген. 300 орындық қосымша оқу корпусы бұл мәселені толығымен шешіп отыр.  Қала әкімі оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін мектептің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.  Мектеп директоры сабақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылатынын және ұйым дезинфекциялық құралдармен қамтылғанын айтты.  Жаңа қосымша ғимаратта балалардың білім алуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Оқушыларды салауатты өмір ұстануға насихаттай отырып, олардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, бұқаралық спортқа баулып, түрлі спорттық үйірмелерге шақырып, оқушылардың спорт шұғылдануына толыққанда жағдай қарастырылған. 

250 МЫҢ ХАЛЫҚТЫ ҚАМТИТЫН «БОЗАРЫҚ» ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЕКПЕ АЛУҒА ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *