Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 574 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 457, белгілері жоқ – 117). 230 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 344 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 68%-ды құрайды, 1179 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2601 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 390 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 6352 адам екпе алған. Екпе алу — коронавирусты жеңудің жалғыз жолы болып тұр. Саналы түрде екпе қабылдап, жақындарымызға жанашырлықпен қарайық. Екпенің I компонент-2683, II компонент-3669 адам алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 389 244 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 312 108 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 435 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Екпе қабылда да, өміріңді сақта. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз жол екенін ұмытпайық! Барлықтарыңызды ерікті түрде өз денсаулығыңыз үшін екпе алуға шақырамыз!
Comments