ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ҚАЛАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НАЗАРЫНДА

 
    Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданған карантиндік талаптардың сақталуы «Nur Otan» партиясының назарында болуы керек. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы аудан әкімдіктері жанынан құрылған санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильді топ құрамына Шымкент қалалық және аудандық партия филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін енгізу жоспары тұр.
Бұл туралы бүгін Zoom платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысында айтылды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері мен Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Сырым Абдуллаев, Шымкент қаласының санитариялык-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов, қаламыздағы төрт ауданның әкімдері, партияның қалалық және аудандық филиалдар жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері қатысқан отырыста 2021 жылдың басынан бері карантин талаптарының сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы тыңдалды.
Сондай-ақ, қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету, тиісті нысандардың «Ашық» қосымшасына тіркелуі және т.б карантин талаптарының сақталуын жолға қою жұмыстары сөз болды.  Әлемді алаңдатқан коронавируспен тек дәрігерлер, полицейлер ғана емес, тұтас қоғам болып күресуіміз керек. Осы бағытта нәтижелі жұмыстарға қол жеткізу «Nur Otan» партиясының негізгі бағыты.

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНІП ОТЫР

Алдыңғы

ЕКПЕ АЛ — ӨМІРІҢДІ САҚТА!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *