Қаламыздағы «Visit Shymkent» командасы және белсенді жастар бас қосып, қос тарап қала туризмін дамыту барысын талқыға салды. Бейресми формат, жайлы атмосферада — қысқа уақыт аралығында жүзеге асатын әрі нақты нәтиже беретін бастамалар айтылды. Жиында сөз алған спикерлер ең әуелі, әр жобаның туындау идеясы, мақсатына тоқталып отырды. Әдетте бюджеттің қаржысын игеріп, іс-шара өткіздік деп мақтанған басшыларға қарағанда, демеушілерді тарта отырып біршама шаруаны бітірген жетекшіге риза боласың. Әр ісінде ортақ мүддені елмен байланыстыратын мемлекеттік қызметкерге құрметім ерекше. Кішкентай ғана жұмыстың өзі — үлкен тәуекелді талап ететін сәттерде, ол үнемі алға адым басуды жөн деп біледі. Тіпті ұсыныс, пікір, тапсырманы жеткізуде – бірінші сізге құрметтін аңғартып, содан соң – ең тиімді жолмен жүзеге асыруға шақырады. Бұл ерекше қабілет деп білем. Уақыт пен мүмкіндік тауып «Ашық микрафонға» қатысқан әр жан спикердің бойынан мұны сезінді деп ойлаймын. Жетекшіміздің бойындағы қарапайымдылық, туған жерге шынайы ықыласпен қызмет істеу ниетін аңғарғандар – кезекті кездесуді қалап тарқасқанына сенімдімін. Жұмыс бабында әр қызметкерге басшы,бастық емес, керісінше аға ретінде қарым-қатынас орнатқанды жөн көреді. Әр біріміз қызметтен бұрын адамгершілікті ілгері қоя білсек – біраз шаруаның шешімі тарқар еді. Содан соң әр қызметкердің мүмкіндігін, қарым-қабілетін дөп басып үлкен сеніммен жауапкершілік жүктеуі – тағы да жұмыс көрсеткішін еселеп келеді. Ұжымдағы әрбір қызметкерге шығармашылық еркіндік, қолдау және құрмет көрсетуі – басшы абыройын тағы да артыра түсетіні анық. «Visit Shymkent» командасының әр мүшесі жетекшінің әр бастамасын ең жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға, сонымен бірге қаламыздың туристік әлеуетін арттыруға күш салатындары айтылды.
СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА БРОНЗОВЫЙ ПРИЗЕР XXXII-ЛЕТНИХ ОЛИМПИЙСКИХ ИГР В ТОКИО!
ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНІП ОТЫР
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
39 рет оқылды
Comments