ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді.  Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді.  Ұйымдастырушылар «Шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді» деп есептейді.  Іс-шара барысында жергілікті жастар аталған спорт түріне қызығушылық танытып, белсенділік танытты. Мұндай шеберлік сағаттары қаланың барлық аумағында өткізіледі деп жоспарлануда.  Айта кетейік, қалада 27 Street-workout алаңы салынған. Қаламыздағы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен көптеген жобалар қолға алынып, жүзеге асып келеді. Осындай жобаның бірі бұқаралық спортты дамытуға арнплып отыр.  Алдағы уақытта мұндай жобалар өз жалғасын тауып, қала жастарының игілігі үшін жалғасатын болады.

МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА БРОНЗОВЫЙ ПРИЗЕР XXXII-ЛЕТНИХ ОЛИМПИЙСКИХ ИГР В ТОКИО!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *