Шымкентте жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған жедел жәрдем станциясының симуляциялық орталығы ашылды. Жаңадан ашылған орталықта жедел жәрдем қызметкерлеріне алғашқы медициналық және адам өміріне қауіп төнген жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша кәсіби біліктіліктерін арттыруға практикалық тұрғыда дәріс өтеді. Бұл үшін орталықта кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы үшін көп функциялы оқу манекені, тыныс алу жолдарының функционалды бақылау тренажері, көктамыр ішіне енгізуге арналған жаттығу жастықшасы, автоматты сыртқы дефибриллятор сынды 50 түрлі оқыту құрылғылары бар. Медицина мамандарын оқытуға арналған жабдықтар автоматты түрде жұмыс істейді. Яғни, практикалық тұрғыда жедел көмек көрсету барысындағы маманның дұрыс әрі бұрыс әрекетін құрылғы арнайы түстер арқылы бағалап, бағыт-бағдар беріп отырады. Сондай-ақ жедел жәрдем станциясына төрт орындық санитарлық көлік берілді. Заманауи құрал жабдықталған автомабильде өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор және кардиостимулятор, реанимация сөмкесі, күйікке қарсы құрылғылар сынды жедел көмек көрсетуге арналған құрал-жабдықтардың барлығы бар. Айта кетейік, қаладағы жедел жәрдем станциясы жанынан ашылған симуляциялық орталық еліміздегі жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған бірден бір емдеу мекемесі.
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
39 рет оқылды
Comments