Мәдениет

ТУРИЗМНІҢ ТАБЫСЫ ТОЛАҒАЙ

Төрткүл әлемде туризм саласында 200 миллионға жуық адам жұмыс істейтін көрінеді. Жылына 1 триллион долларға дейін табыс түседі екен. Әрине, қазіргі пандемия жағдайына байланысты бұл көрсеткіштің біршама кемейгені айтпаса да түсінікті шығар.

Тәуелсіз де егемен Өзбекстан елінде туризм әлеуетін дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Соңғы төрт жылда бұл жайында көптеген Жарлық, қаулы, қарарлар қабылданған. Атап айтқанда, 2016 жылғы 2 желтоқсанда «Өзбекстан Республикасында туристік саланы жедел дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлық, «2017-2021 жылдары Өзбекстан Республикасын басымдық бағытта дамыту жөніндегі іс-қимыл стратегиясы», 2017 жылғы 16 тамыздағы «2018-2019 жылдардағы туризм саласын дамыту жөніндегі кезек күттірмес шаралар туралы» қаулы – солардың санатында. Бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бұл елге 2018 жылы 5,3 миллион, 2019 жылы 6,7 миллион турист келген. Саяхат жасаушыларға 2018 жылы 1041 миллион долларды, 2019 жылы 1313 долларды құрайтын қызмет көрсетілген. Төрткүл әлемді торлаған коронавирус індетіне қарамастан 2020 жылдың алты айында бұл елге 1,500 турист келген. 833 қонақ үй мен 214 хостельде туристер үшін барлық жағдай жасалған.

БОСТАНДЫҚТА БОЛМАПСЫЗ, ШЫМҒАНТАУҒА ШЫҚПАПСЫЗ!
Бостандық ауданы – Өзбекстанның ұлттық бағы.
 Ислам Абдуғаниевич КАРИМОВ,
 Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті.
 


Белдерсайға апаратын аспалы жол

Туризм тақырыбы жайлы сөз қозғағанда ең алдымен Бостандық ауданы (әкімі – Журабек Ахмедов) ойға оралады. Ауданның аумағы – 4940 шаршы шақырымды құрайды. Халқының саны 2013 жылғы дерек бойынша 160 мың адамнан асады. Соның ішінде 72 мыңы өзбектер, 42300-і қазақтар, 27100-і тәжіктер, 12 мыңы орыстар, қалған төрт пайызы украиндар, татарлар, корейлер, қырғыздар, тағы басқа ұлттар мен ұлыстардың үлесінде. Аудан орталығы – Газалкент қаласында 25 мың адам тұрады. Бұрышмолла, Іскендер, Қараңкөл, Құрбанов атындағы, Қошқорған, Паргос, Сайлық, Сары Қаңлы, Сабыр Рахимов атындағы, Талпин, Тулабе, Үйеңкісай, Қожакент, Қожа, Құмсан, Шарбақ, Шынар секілді қалалық поселкелер, Абай, Азатбас, Айдаралы, Бағыстан, Бостандық, Газалкент, Жаханабад, Домалақ, Қараманас, Қошқорған, Қызыл ту, Паргос, Сайлық, Сиджак, Табақсай, Ташболат Дадабаев атындағы, Хандайлық, Қожакент, Шымбайлық, Шымған, Юмалак, Жаңа ауыл секілді ауылдар бар.

Жер жәннаты саналған, Өзбекстанның Швейцариясына баланған бұл аймақта бүгінде сан түрлі салада ауыз толтырып айтарлықтай ұлан-ғайыр жұмыстар жүзеге асырылуда. Табиғаты таңғажайып өңірде көптеген ізгілікті де игілікті іс-шаралар атқарылып келеді. Мұнда ондаған курорт жұмыс істейді.

2019 жылдың соңында Халықаралық өскелең заманауи стандартттар мен талаптарға толық жауап беретін Amirsoy тау шаңғысы-спорттық курорт кешені ашылғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Сметалық жобасы 80 миллион еуроны құрайтын бұл әлемдік деңгейдегі тау курортын салу жұмыстарын андорралық тау-туристік кешенін басқару жөніндегі PGI Management компаниясы жүзеге асырған. Дания, Испания, Аргентина сарапшыларының бақылауында 15 шақырымдық сегіз тау щаңғысы трассасы салынған. Соның төртеуі курорттың ең биік жеріне орналасқан. Ең ұзын трассасы 3350 метрді құрайды. Ағаштан жасалған шале стиліндегі 40 қонақ үй, үш мейрамхана, спорт мектебі, тау шаңғысы, тағы басқа да спорттық құрал-саймандарды жалға беретін орталық, тікұшақ қону алаңшасы жұмыс істейді. Кешен бір мезгілде 300 адамға қызмет көрсете алады. Мұнда алты ай бойы – қарашадан сәуірдің соңына дейін шаңғы тебуге болады. Ал жадыраған жаз кезінде велосиепедпен серуен құруға, жаяу саяхат жасауға барынша ыңғайластырылған.

Amirsoy тау шаңғысы-спорттық курорт кешенінде келесі кезеңде 2400 орындық төрт мейрамхана, 105 орындық төрт жұлдызды қонақ үй, 101 орындық бес жұлдызды қонақ үй, 500 орындық көпқабатты автотұрақ, офис, сауда алаңшалары, аспалы жолдар, 16,8 шақырымдық тау шаңғысы трассасы, спорттық құрал-саймандарды жалға беретін орталық, бассейн салу көзделген. Бұл тау шаңғысы-спорттық курорт кешенінде тюбинг, жаяу серуен, қарда жүретін техникалармен арнайы турлар, ойын-сауық аймағында шанамен, квадрациклмен серуендеу, балалардың ойын алаңшасы жұмыс істейді. Мұнда келушілерге әлемдік стандарттар деңгейіндегі комфорттық, қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетіледі. Бұған инвесторлар тарапынан құйылатын 75 миллион еуро жұмсалмақ. Аустриялық Doppelmayr компаниясы үш аспалы 3S гондолдар жасауға жасауға машықтанған. Сөз орайы келгенде олардың өз елдеріндегі Китцбюэл, Германиядағы Кобленц, Канададағы Уистлер-Блэккомбте мұны ойдағыдай жүзеге асырғанын тілге тиек ете кетейік.

Бұл тау шаңғысы-спорттық курорт кешенін Аустрия, Германия, Дания, Испания, Италия, Аргентина мамандары екі жылда салды. 900 гектар аумақта 15 тау шаңғысы, сноуборд трассалары, 2193 метрлік аспалы жол, мейрамхана, бар, монша кешені, SPA салон, бассейн, тағы басқалар орналасқан.

«Қауіпсіз туризм» бағдарламасына орай 132 нысанда жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарланған. Осы мақсатта 1300 шаршы метр автожол жөндеуден өткен. Он шақырымнан астам жолжиек салынған. Amirsoy тау шаңғысы-спорттық курорт кешеніне апаратын 4,2 шақырымдық автомагистраль салынуда. 516 шағын қонақ үй салу жоспарда бар.

Француз компаниясы тарапынан Белдерсай – Шымған – Нанай Халықаралық курортын салу жобалануда. Бұған FASER Халықаралық қоры 750 мың еуро грант бөліп отыр. Жобаның жалпы құны 480 миллион долларды құрайды. Соның 280 миллион доллары – тікелей инвестицияның үлесінде. Үш кезеңнен тұратын бұл жобаның алғашқы кезеңінде Шымғантауда жылдың төрт мезгіліне арналған курорт пайдалануға тапсырылады. 48 миллион еуроны құрайтын бұл жұмыстарды 2021 жылдың желтоқсан, айында аяқтау жоспарланған. Мұнда омарта шаруашылығы, түйе мен ешкі өсіру жұмыстары қолға алынбақ. Соның нәтижесінде гастрономиялық және медициналық туризм дамитын болады. 80 мемлекеттік нысан жекешелендіріліп, 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте орналасқан Шымғантау мен Белдерсайда қысқы экстремальдық туризм мен демалыс күндеріндегі отбасылық серуен құру жұмыстары жұйелі жолға қойылған. Аспалы жолдар, шаңғышылар мен сноубордистерге арналған тамаша трассалар жұмыс істейді. Мұндағы «үлпілдек қар» (powder snow) алты ай бойы сан түрлі жарыстар өткізуге лайықталған.

«Шарбақ» еркін туристік аймағында инфрақұрылым жұмыстары барынша дамыған. Демалыс үйлері, шипажайлар, жол бойындағы дәмханалар, спорттық құрал-саймандарды жалға беру орталықтары жұмыс істейді. Мұнда қосымша туристік нысандар салу жоспарланған. Газелкент – Шарбақ еркін туристік аймағы бағыты бойынша жаңа жол салынуда. Аудан орталығындағы жаңа көпір Шарбақ, Шымғантау, Amirsoy үшін барынша қолайлылық тудыратын болады. «Қожакент» шипажайы маңындағы жол кеңейтілуде. Сөз орайы келгенде мұнда келген туристер көне петроглифтерді, Шарбақ су қоймасын бойлап серуендеп, алып шынар ағашын тамашалай алады. Бұрышмолладағы тас үйлерді көреді, Бағыстандағы Шейх Умар Вали Бағыстани кесенесіне зиярат етеді, Бахауддин Нақшбанди кірген жұмбақ үңгір (аңыз бойынша) тамашалай алады, Қараңкөлге барғандар киіктерге кезігеді.

Шымған махалласында жаңадан Seven Tree демалыс аймағы ашылды. Жобалық сметалық құны 27 миллиард сумды құрайды. 150 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда 10 киіз үй, 14 үйшік, бас-сейн, сауна, бильярд, теннис залдары, 100 орындық дәмхана бар.

Тау баурайында сан алуан мәдени, спорттық, көпшілік шаралар, инфотурлар жиі өткізіледі. Шымғантауда Chimyon exo – 2020 экологиялық фестивалі, қысқы экстремальдық спорт түрлері бойынша Chimgan ekstrim – 2020 тау фестивалі өтті. Шаңғышылар жарысында Роллан Райымқұлов, Арман Қайыпов, Медет Назаров, Рано Иманқұлова, Әлия Жұмабаева, Нигина Пазылова, сноубордшылар сайысында Бекзат Исраилов, Қайрат Мырзахметов, Әзізбек Сапарбаев секілді саңлақтар топ жарғанын айта кетейік.

Пскомда ханбалық (форель), өсіру қолға алынбақ. Осы мақсатта Баходир Мирабдуллаев 80 шағын бассейн салмақ.

Шымғантауда Халықаралақ  туризм фестивалі жиі өтіп тұрады. Онда қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар, спортық ойындар, концерттік бағдарламалар, «Мехригие» емдік шөбін таныстыру рәсімі ұйымдастырылады. Онда қонақ үйлер, бассейн, футбол алаңы, фитнес-клуб, демалыс үйлері, саяжайлар, қайық, мотоцикл, квадрацикл, параплан, дельтаплан, тағыс басқалар жүйелі жұмыс істейді.

Шарбақта 94 орындық Panoramik SPA hotel қонақ үйі ашылды. Оны «Пластекс» компаниясы салған.Жалпы, ауданда 17 мың нысан есепке алынған. Олар тиісті салықтарын төлейді. Отбасылық кәсіпкерлікпен айналысушыларға жеңілдетілген несиелер берілуде. 280 шағын қонақ күту үйі бар.Amirsoy Moumtain Pesort тау шаңғысы – спорттық курорт кешенінде First Car Fest – 2020 авто-мотофестивалі өткен. Оған Uzbekinvest UzAutoMotors Adrealine Posh компаниялары белсене атсалысқан.

Artop туристік базасында велоспорттан МТВ (тау велосипеді, №\ХС (кантри кросы), UH (апхилл) бағыты бойынша велоспорттан республика чемпионаты өткен. Оған 35 спортшы, соның ішінде 14 қыз қатысқан. Апхилда Мейірман Алғазиев, Тимур Исмаилов, Амал Қадыров, кантри кроста Тимур Исмаилов, Мохира мен Суннаттулло Солиевтер үздік шықты.

Тау бөктерінде тас жолдағы велоспорттан Өзбекстан кубогы сарапқа салынған. Оған қатысқан 170 спортшы өздерінің бағын сынап көрген.

Бұрышмоллада (Сиджакта) 353 мың гектар орман бар. Соның біржарым мың гектарына сан түрлі ағаштар отырғызылуда. Мұнда аю, қабан, қасқыр, тау бұғысы, тау ешкісі бар. 2018 жылы 95 киік әкелінген. Әзірбайжан, Германия, Испаниядан арнайы мамандар шақырылып, шаңғы және шана трассаларын салған.

Ақтас ауылында Hearens Garden Resort @ SPA отелі ашылған. 300 орындық кешенді Turon Resort SPA жауапкершілігі шектеулі ұйымы салды. Жобалық құны 50 миллиард сумды құрайды. Мұнда екі мейрамхана, SPA салон, әлемдік деңгейдегі бассейн бар. Болашақта вилла салынбақ. Емдік өсімдіктер өсіріледі. Осылайша экотуризм, медициналық және спорттық туризм дамитын болады.

Тохир Солиев «Белдерсай» демалыс аймағында әуе шарымен ұшқан. Оның өнерін тамашалаушылар көп болған.

Тау бөктеріндегі Жастар сауықтыру лагерінде туристік саладағы колледждердің оқытушыларына арналған оқу-тәжірибелік семинар өткен. Оны Туризмді дамыту институты ұйымдастырған. Өзбекстан Республикасы Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы колледждерге арналған шара жастарға көп нәрсе берген.

Суретші Дилором Мамедова – Бостандықты бедерлеп бейнелеуде белсенділік танып жүрген жан. Оны «Өзбектің белдемше киген Ван Гогы» деп атайды екен. 1992 жылы өнертапқыштардың республикалық лицей-интернатын, 1998 жыл Камолиддин Бехзод атындағы Ташкент мемлекеттік өнер және дизайн институтын бітірген. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Бельгия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Таиландта көрмесі өткен. Өзбекстан мемлекеттік өнер музейінде, Мәскеудегі «Инхор» музейінде, Ресей, Аустрия, Германия, Израиль, Түркия, Ұлыбритания, Швейцария, Үндістан, Америка Құрама Штаттары, Аустралия, тағы басқа елдерде жеке коллекциялары қойылған.

2020 жылғы 27 тамызда Өзбекстан Республикасы Президентінің «Бостандық ауданына айрықша басқаруды енгізу жолымен туризмді жедел дамыту шаралары туралы» Жарлығы шыққан. Онда болашақта атқарылатын жүйелі жұмыстардың жоба-жоспары айқындалған.

Ұлы Жібек жолының бел орталығында орналасқан Өзбекстанның туристік әлеуеті, тарихи ескерткіштерінің көптігімен әлемдегі көшбасшы орындардың бірін иеленеді. Бұл елде жеті мыңнан астам тарихи және мәдени ескерткіш бар. Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Шахрисабз —ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген. 800-ден астам туристік ұйым жұмыс істейді. Заманауи қонақ үйлер, туристік базалар мен кемпингтер бар.

Туристік-логистикалық инфрақұрылым барынша дамыған. Өзбекстанда Халықаралық 11 әуежай жұмыс істейді. Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Американың елуден астам қаласымен әуе байланысы орнатылған. Ташкенттен Самарқанд, Бұхара, Қаршыға дейін жоғары жылдамдықтағы электропойыздар жүреді. Болашақта Түркістан – Шымкент – Ташкент бағытындағы жоғары жылдамдықтағы пойыздар қатынай бастағанда туристер ағымы бұдан да еселене түспек. Елде туризм бағытындағы бес жоғары оқу орны, Сингапур менеджментті дамыту институтының филиалы жұмыс істейді. Оларда Еуропа мен Азиядағы туристік орталықтар мен оқу орындарынан келген білікті мамандар дәріс береді. 500-ден астам кәсіпкер кәде-сый бұйымдарын әзірлеумен айналысады. Заманауи өскелең талаптарға сай қонақ үйлер туристерге мінсіз қызмет көрсетуде. Мәскеу, Рига, Берлин, Лондон, Мадрид, Париж, Стамбұл, Токиода көрме-жәрмеңкелер өткізуде.

Алдағы уақытта «Алтын шеңбер» деп аталатын жаңа туристік бағытын ашу көзделіп отырғаны қандай ғанибет. Зеңгіата – Шыназ – Бөке – Ахангаран – Ангрен – Паркент – Бостандық бағыттарын қамтитын мұның табысты болары сөзсіз. 45 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 1523 адамды құмыспен қамту көзделген.

Бостандық – Ташкент – Бостандық бағыты бойынша автобус (ВХ 625) астанадағы «Машинасозлар» метро стансасынан сапарға шығады. «Ютонг» деп аталатын 55 орындық он қытай автобусы 80 шақырым жол жүреді. Бұл автобуста монитор, бейнетіркегіш, кондиционер, жүксалғыштар орнатылған.

Дәстүрлі музыкалық фестивальдер, баһадүрлер сайысын, анар, гастрономиялық фестивальдер, авторалли, геотуризм, сан түрлі форумдар өткізу жоспарланған.

Альпинизм, атпен, түйемен, велосипедпен серуендеу, off-road экскурсия, балық аулау, рафтинг, хелиски, геотуризм, ағартушылық бағыттағы туризм, медициналық туризм, зиярат туризмін дамыту жұмыстары қолға алынған.

Өгем – Шатқал мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының құрамына енетін Шатқал мемлекеттік биосфера қорығы, Айдар –Арнасай жүйесіндегі көл, Шымғантау – Шарбақ курорт- рекреациялық аймағы. Өгем – Шатқал мемлекеттік ұлттық табиғат саябағы флора мен фаунаға өте бай. Шатқал мемлекеттік биосфера қорығында Тянь-Шань қоңыр аюы, тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер өте мол.«Осенний аккорд», «Чимганское эхо», тағы басқа фестивальдер өткізілуде.Ақтаc ауылында ашылған заманауи Heavens Garden қонақ үйінде бизнес-форум өткен. Мұнда қонақ үй, демалыс үйі, шағын қонақ күту үйшіктері жұмыс істейді.Қысқасы, дем аламын, ем аламын десеңіздер, осында келуге асығыңыздар. Өйткені, мұнда көптеген таңғажайыптарға тап боласыздар.

Бостандықта болмапсыз,
Шымғантауға шықпапсыз!
Онда Сіздер шынымен
Көп қызықтан құр қапсыз!

 Фатима ҚАНАЕВА,
«Шымкентім, шырайлым!» республикалық әдеби-көркем,
альманағы Бас директорының орынбасары.

 Райхан БАБАТАЕВА,
Ташкентте қазақ тілінде жарық көретін республикалық     
 «Нұрлы жол» газеті Бас редакторының орынбасары.

Әдебиет әлемінде АМЕРИКАНЫ АШҚАН АҚЫНДАР

Алдыңғы

 «Зүлейханың оянуы» кітабы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *