Жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі білім берудің трансформациясы: пәндер мен жасанды интеллектінің синергиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Конференция жұмысына еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық педагог қатысты. Мемлекеттік деңгейдегі «Еңбек адамы» идеологиясы мен «Адал азамат» тұжырымдамасын заманауи білім кеңістігімен ұштастырған бұл алқалы жиын ұстаздардың кәсіби өсуге деген табандылығы мен күнделікті адал еңбегін айқын көрсетті.

Конференцияның басты мақсаты – білім беру үдерісіндегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін талқылау, пәндік оқыту мен цифрлық инновациялардың өзара ықпалдастығын көрсету, педагогтердің цифрлық және жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметінде қолдану құзыреттерін дамыту, сондай-ақ білім сапасын арттыруға бағытталған озық тәжірибелермен алмасу болды. Жаңа технологияларды меңгеру – дайын нәтижеге қол созу емес, үздіксіз еңбекті, ізденісті және жауапкершілікті қажет ететін нағыз кәсіби шеберлік мектебі.

Конференцияның пленарлық отырысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Бекіштің құттықтау сөзімен ашылды. Одан кейін Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Асылбек Сарыбасов жасанды интеллект дәуіріндегі педагогтің кәсіби дамуы, «Өрлеудің» басымдықтары мен жаңа мүмкіндіктері туралы мазмұнды баяндама жасады. Пленарлық отырыста Шымкент қаласы, Түркістан, Павлодар, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан қатысқан білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер және жас зерттеушілер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Баяндамаларда цифрлық педагогика, инновациялық оқыту технологиялары, білім берудегі ақпараттық қауіпсіздік, мектепті цифрлық платформалар арқылы басқару, жасанды интеллект негізінде даралап оқыту, интерактивті білім беру ресурстарын әзірлеу және Shyraq.ai платформасын педагогикалық тәжірибеде қолдану мәселелері қамтылды. Пленарлық бөлім пікір алмасу және панельдік талқылаумен жалғасса, конференцияның екінші бөлімінде қатысушылар секциялық жұмыстар аясында өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуды жалғастырды. Мұғалімнің әрбір жаңа құралды саналы әрі адал мақсатта қолдануы оқушыны масылдық көңіл-күйден аулақ етіп, өз еңбегі мен біліміне сүйенетін адал азамат тәрбиелеуге жол ашады.

Сонымен қатар, цифрлық құралдарды тиімді қолдану ұстаздың уақытын үнемдеп, әрбір баланың танымдық мүмкіндігіне сай сапалы білім беруге, сондай-ақ оқушының дербес ізденісі мен еңбек тәртібін күшейтуге зор мүмкіндік береді.

Іс-шара педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамытуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру тәжірибесіне енгізуге және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды. Цифрлық өзгерістер жағдайында білім сапасын арттыру – педагогтің кәсіби дамуы мен инновациялық ізденісінің, сондай-ақ адал еңбегінің нақты нәтижесі.

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ІЗДЕНІСІ: №141 МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *