Жаңалықтар

 №12 ЕМХАНА: САПА МЕН ДАМУ ЖОЛЫНДА

Шымкент қалалық №12 емханасы – сапа, тәжірибе және болашаққа сенімді қадам үйлесім тапқан заманауи медициналық орталық. Мекеме өз жұмысын 2009 жылы бастап, содан бері қала тұрғындарына қолжетімді әрі білікті медициналық көмек көрсету бағытында жүйелі түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда аккредитациядан сәтті өткен, сегіз бөлімшесі бар емханада 62 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетіледі, ал ұжымда 600-ге жуық қызметкер күн сайын адал еңбек етуде.

Бұл – медицина саласын өмірлік миссиясы деп білетін, әрбір адамның өмірі мен денсаулығына зор жауапкершілікпен қарайтын кәсіби мамандар ұжымы. Дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері мен техникалық мамандардың үйлесімді еңбегі тұрғындардың сенімін арттырып, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігін қамтамасыз етеді. Емхананы бас дәрігер Берденов Бекзат Тұрғанәліұлы басқарады. Ол – тәжірибелі дәрігер, білікті басшы және мекеменің даму бағытын нақты айқындайтын стратег.

№12 емхананың материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде нығайтылып келеді. Кабинеттер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде зерттеу мен диагностика дәлдігін арттырып, ауруларды ерте кезеңде анықтауға, сондай-ақ медициналық көмектің жеделдігі мен сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіби кадрлар мен заманауи құралдардың үйлесімі әрбір науқасқа уақытылы әрі нақты көмек көрсетудің берік кепіліне айналып отыр.

Бүгінде №12 емхана жаңа технологияларды енгізу және қызмет көрсету үдерістерін жаңғырту бағыты бойынша ауқымды түрде дамып келеді. Алдағы кезеңге арналған нақты стратегиялық жоспарлар айқындалған. Келер жылы емхананың материалдық-техникалық базасын жаңа буындағы медициналық құрал-жабдықтармен толықтыру көзделіп отыр. Сонымен қатар ұзақ мерзімді жоспарда бір ауысымда 500 адамды қабылдауға қауқарлы, жаңа үлгідегі заманауи емхана ғимаратын салу міндеті тұр.

«Еңбек адамы» құндылықтарын дәріптеуде күн сайын халық саулығы үшін тер төгіп жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Өз ісіне адал, білімін үнемі жетілдіріп отыратын дәрігерлер мен мамандардың қажырлы еңбегі қоғамда адал еңбектің мәртебесін арттырады. Біздің емхана заманауи технологиялар әрбір пациенттің игілігі үшін қызмет ететін жаңа буындағы медициналық ұйымға айналуды мақсат етеді. Тұрғындардың денсаулығы – басты құндылық, ал ұжым әрдайым сапалы қызмет көрсету жолында еңбек ете береді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ №12 ЕМХАНАСЫНДА АПТАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Алдыңғы

«АДАЛ АЗАМАТ» – АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *