Жаңалықтар

«Білім беру шебері»: химия пәнінің үздік ұстазы Венера Жуманова

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Сапалы білім» жобасы аясында ұйымдастырылған «Білім беру шебері» қалалық байқауы білім беру саласындағы үздік мамандардың еңбегін дәріптеп, озық тәжірибелерін көпшілікке танытуды мақсат етеді. Осындай өнегелі ұстаздардың бірі, байқаудың бүгінгі кейіпкері – №45 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Жуманова Венера Бегимхановна.

Қазіргі таңда білім сапасын арттыру – ел болашағының берік іргетасын қалаумен тікелей байланысты. Осы орайда күрделі әрі қызықты ғылымдардың бірі – химияны оқушыларға түсінікті әрі қолжетімді етіп жеткізу ұстаздан терең біліммен қатар, үлкен шығармашылық ізденіс пен сүйіспеншілікті талап етеді. Венера Бегимхановна әрбір сабағын оқушылардың жас ерекшелігі мен танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырып, күрделі формулалар мен реакцияларды өмірлік мысалдармен байланыстыра білетін тәжірибелі педагог.

Жуманова Венера Бегимхановнаның кәсіби тәжірибесі мен педагогикалық шеберлігі ұжымда ғана емес, қала көлемінде жоғары бағаланады. Ол заманауи оқыту әдістерін, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды тиімді үйлестіріп, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға үнемі көңіл бөледі. Шәкірттерінің түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жеткен жетістіктері ұстаздың қажырлы еңбегі мен табандылығының айқын дәлелі.

«Еңбек адамы» бейнесін қалыптастыруда адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және өз ісіне деген шексіз адалдығымен ерекшеленетін мұғалімдердің орны бөлек. Күнделікті еңбегі арқылы жас буынның білімге құштарлығын арттырып, саналы азамат тәрбиелеп жүрген Венера Бегимхановна – нағыз еңбек иесінің жарқын үлгісі. Мұндай ұстаздардың өмір жолы мен кәсіби жетістіктері жастарды еңбексүйгіштікке, білімге ұмтылуға және өз мамандығын сүюге баулиды.

«Білім беру шебері» байқауы аясында ұсынылып отырған арнайы бейнематериалда ұстаздың сабақ беру әдістемесі, шәкірттерімен жұмысы, педагогикалық ізденісі мен кәсіби жетістіктері жан-жақты көрсетілген. Бұл туынды педагог мәртебесін көтеруге, білім саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға және қоғамда адал еңбектің құндылығын арттыруға серпін береді.

№45 мектеп-гимназиясының ұжымы мен оқушыларының құрметіне бөленген Жуманова Венера Бегимхановнаның еңбек жолы – ұстаздық мамандықтың мән-мағынасын терең ашатын тағылымды тәжірибе. Ұстаздың кәсіби тәжірибесі, педагогикалық ізденісі мен жетістіктері туралы дайындалған бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз!

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Алдыңғы

«ЖАС ХИМИК» – ҒЫЛЫМҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН БАСТАЛАДЫ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *