25 қазан — Қазақстанның тарихындағы ерекше маңызға ие, елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, ұлттық рухымызды асқақтататын айтулы мереке. Республика күні – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын, бірлігі мен болашаққа деген сенімін бейнелейтін маңызды күн.
Осы мерекеге орай университетіміздің «Тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығын ұйымдастыруымен студент жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру, тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында «REPUBLIC QUIZ» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Интеллектуалды сайысқа әртүрлі факультеттердің студенттерінен құралған командалар қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынады. QUIZ-ге 10 команда қатысуға тілек білдірді.
Олар: «Спорт және туризм» факультет, «Филология» факультеті, «Мәдениет және өнер» факультеті, «Заң» факультеті, «Механика және мұнай газ ісі» факультеті, «Жаратылыстану және ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебі, «Басқару және бизнес» жоғары мектебі, «Тарих және педагогика» факультеті, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі.
Ойын барысында қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, еліміздің мәдениеті, ұлттық мұрасы және жетістіктері туралы сұрақтарға жауап берді. Әр кезең студенттердің білім деңгейін, жылдам ойлау қабілетін, логикалық пайымдауын және командамен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Сайыстың 3 кезеңнен құрылады:
I кезең: Қазақстанның заманауи жетістіктері;
II кезең: Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті;
III кезең: Тәуелсіз Қазақстанның саяси, мәдени және ғылыми қайраткерлері.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
I орын — «Әуезов Қырандары» командасы, «Тарих және педагогика» факультеті,
Команда жетекшісі: Нарымбет Гүлнұр;
Құрамы: Өскен Өренғайып Өсербайұлы, Сәрсен Мерей Бақытжанқызы, Пернебек Ханбибі Еркебұланқызы;
II орын — «Тарихшылар» командасы, «Механика және мұнай газ ісі»,
Команда жетекшісі: Шуханова Жулдыз Кенжебековна;
Құрамы: Абдыкамал Юсуф, Намазбай Айбарлы, Лесова Арайлым;
III орын — «Стратег» командасы, «Басқару және бизнес» жоғары мектебі, Турсынкулова.
Команда жетекшісі: Замзагуль Мирхайдаровна.
Құрамы: Дуйсебек Нұрия, Куатбекова Фатима, Шевкет Диас.
Жеңімпаз командаларды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері, білімге деген құштарлықтары және жоғары білім мен сайыс және мәдинеттілік дамуды көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «REPUBLIC QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ!












Comments