Жаңалықтар

САУРАНДА ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округіне қарасты С. Қожанов ауылында демеушілердің есебінен салынған тұрғын үй Сапарбаевтар отбасына табысталды. Кілт тапсыру рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, отбасы мүшелерін қоныс тойымен құттықтады.
Аудан басшысы баспананың бой көтеруіне қолдау көрсеткен демеушілерге және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Ауыл тұрғындарының өзара көмегі мен жанашырлығының арқасында жүзеге асқан бұл бастаманың кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті.
Сауран ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында мемлекет тарапынан 53 пәтер  берілді. Сонымен қатар биыл асар әдісімен, демеушілердің есебінен 4 отбасы баспана кілті табысталды. С. Қожанов ауылындағы игі іс нәтижесінде Сапарбаевтар отбасы жаңа қонысқа ие болды. Демеушілердің қолдауы мен ауыл азаматтарының ортақ еңбегі отбасының баспана мәселесін шешті.

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «REPUBLIC QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ!

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *