Жаңалықтар

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

Ұстаздар күніне орай Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округіне қарасты №5 «Келешек» мектебінде ұстаздар қауымына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының басшысы Сағынбек Асылбеков, Шорнақ ауылының әкімі Нұрсейіт Бабичев, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Іс-шара барысында ұстаздардың білім мен тәрбие саласындағы еңбегіне құрмет көрсетіліп, олардың жас ұрпақтың қалыптасуындағы маңызды рөлі атап өтілді. Мерекелік бағдарлама аясында оқушылар ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылды.
Шара барысында «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының атынан білім беру саласында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар табысталып, мерекелік сый-құрмет көрсетілді.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағының қалыптасуына өз үлесін қосатын қадірлі маман. Мерекелік іс-шара ұстаздарға деген құрмет пен алғысты білдіріп, олардың еңбегін дәріптеуге арналды.

Ардагерге құрмет – елге құрмет

Алдыңғы

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *