Жаңа Конституцияның 33-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік берілетіні, ал азаматтардың заңға сәйкес жоғары білім алуға құқығы бар екені нақты бекітілген.
Бұл норма әрбір қазақстандық үшін білім алудың конституциялық негізін айқындайды. Яғни баланың қай өңірде, қалада немесе ауылда тұратынына қарамастан, сапалы білім алуға мүмкіндігі болуы – мемлекет үшін стратегиялық міндет.
Конституцияның 3-бабының 2-тармағында адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленген.
Бұл қағидат Түркістан облысы үшін айрықша маңызды. Себебі өңірде 2,1 миллионнан астам адам тұрады, оның басым бөлігі ауылдық елді мекендерде өмір сүреді.
Сондықтан Түркістан жастарының сапалы білім алуы – жеке адамның ғана емес, тұтас өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына тікелей әсер ететін фактор.
Білімді ұрпақ – бәсекеге қабілетті өңірдің басты капиталы. Конституция бұл бағыттағы мемлекеттің стратегиялық ұстанымын нақты бекітіп отыр.











Comments