ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының құрамындағы «Kameya Pharm Group» ЖШС ұжымында еңбек үздіктерін ұлықтауға арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
Салалық кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы сындарлы серіктестіктің нәтижесін көрсеткен бұл жиын нағыз еңбек адамдарының мерекесіне айналды.
Салтанатты жиынға арнайы қатысқан «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев ұжымды Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген үздік қызметкерлерді марапаттады.
«Әрбір кәсіпорында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқығын қорғау және олардың адал еңбегін дер кезінде бағалау – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі марапат иелері – өз ісіне адалдықтың шынайы үлгісі», – деп атап өтті Бауыржан Ілімшаұлы.
Ұжымдағы нәтижелі жұмысы мен кәсіби біліктілігі үшін «Медицина саласының үздігі» медалімен Алиева Парида Аспандарқызы, Аралбаева Нұргүл Әділбековна, Құрмет грамотасымен Муминова Ханзират Музаппаровна, Шүренова Ұлбосын Сүйеубековна, Алғыс хатпен Әбенқызы Нұрсәуле, Журавлёва Татьяна Алексеевна, Исанкулова Гульбахар Кошкаровна және Бағалы сыйлықтармен Тасболатова Жазира Есентаевна, Айтуганов Талғат Мүслімович марапатталды.
Іс-шара соңында «Kameya Pharm Group» ЖШС ұжымы мен кәсіподақ мүшелері еңбек адамының мәртебесін асқақтатуға бағытталған осындай қолдаулар үшін ризашылықтарын білдірді.
Медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалау – қоғамның денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген жандарға көрсетілген лайықты құрмет. Дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері мен өзге де сала мамандары күн сайын кәсіби білімін, тәжірибесін және адам өміріне деген жауапкершілігін ұштастыра отырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Олардың жанкешті еңбегі дені сау қоғам қалыптастырудың негізгі тіректерінің бірі саналады.
Осындай қарапайым еңбек адамдарының жетістіктерін кеңінен насихаттау еңбекке деген құрметті арттырып, кәсібіне адал мамандардың қоғамдағы беделін нығайтады. Өз ісін сүйіп, үздіксіз ізденіс пен кәсіби шеберлікті өмірлік қағидасына айналдырған медицина қызметкерлері жастар үшін еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және адамгершіліктің жарқын үлгісі болып табылады. Мұндай марапаттар адал еңбек әрдайым бағаланатынын айқын көрсетеді.
Еңбек адамын ұлықтауға бағытталған мұндай игі бастамалар еңбексүйгіштік құндылықтарын дәріптеп, патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне оң ықпал етеді. Қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым мамандардың еңбегін насихаттау – еңбек мәдениетін қалыптастырудың, кәсіби адалдықты бағалаудың және ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың мәртебесін арттырудың маңызды бағыты болып қала береді.
Салалық кәсіподақ алдағы уақытта да жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау жолындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыра бермек.

ДЕНЬ ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО ОТМЕТИЛИ НА ДОЛЖНОМ УРОВНЕ

Алдыңғы

УВАЖЕНИЕ К ЧЕЛОВЕКУ ТРУДА: В ШЫМКЕНТЕ НАГРАДИЛИ ЛУЧШИХ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКОЙ СФЕРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *