ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ ЛАЙЫҚТЫ АТАП ӨТІЛДІ

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымдары – Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Шымкент қаласы әкімінің аппараты қызметкерлерінің қатысуымен «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесі лайықты атап өтілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы, қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігі және кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарын қолдаудағы рөлі туралы да айтылды. Мерекелік жүздесу әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлердің өз еңбегіне деген жауапкершілігі мен кәсіби ынтасын арттыруға оң әсер етті.
Экономика және бюджеттік жоспарлау саласының, сондай-ақ қала әкімдігі аппаратының қызметкерлері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды шешімдерді әзірлеуге және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуына күн сайын өз үлестерін қосып келеді. Олардың кәсіби еңбегі мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қаланың тұрақты дамуына негіз болады.
Осындай адал еңбек етіп жүрген мамандардың жетістіктерін кеңінен насихаттау еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеруге және қарапайым қызметкерлердің еңбегін лайықты бағалауға мүмкіндік береді. Өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп жүрген мемлекеттік қызметшілер жас буынға еңбекқорлықтың, тәртіптің және адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетеді.
Еңбек адамын ұлықтау – еңбекке деген құрмет мәдениетін қалыптастырудың маңызды тетігі. Мұндай бастамалар жастарды еңбексүйгіштікке баулып, әрбір жетістіктің негізінде табанды еңбек пен кәсіби ізденіс жатқанын дәріптейді. Сонымен қатар қарапайым еңбек адамдарының еңбегі мен жетістіктерін кеңінен таныту патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне ықпал етіп, өз еңбегімен ел дамуына үлес қосуды басты құндылық ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бас қосқан жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы оларды «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, үздік қызметкерлерге кәсіподақ филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
— «Еңбек озаты» төсбелгілерімен Мейрманов Олжас Пернебекұлы, Журкабаева Айман Есімханқызы;
— «Құрмет грамотасымен» Байсалов Бахытбек Шорабайұлы, Бектұрғанова Гүлімхан Сейлханқызы;
— «Алғыс хатпен» Жәнібеков Ерасыл Бақытбекұлы, Тажиева Меруерт Алиякбарқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

ПОДАРОК КО ДНЮ ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО: В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛАСЬ ТЕПЛАЯ ВСТРЕЧА С КОЛЛЕКТИВОМ УПРАВЛЕНИЯ ТУРИЗМА

Алдыңғы

ДЕНЬ ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО ОТМЕТИЛИ НА ДОЛЖНОМ УРОВНЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *