ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

«ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында ерекше кездесу өтті. Шараның басты өзегі – «Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында әрбір қызметкердің әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын және көңіл-күйін білу болды.
«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, басқарма басшысы Ұлан Қуандықұлы Ахметов және мекеменің кәсіподақ төрағасы Мырзахан Шабидинов кәсіподақ мүшелерімен ашық сұхбат құрып, олардың тыныс-тіршілігімен, күнделікті жұмыс барысындағы өзекті мәселелерімен жақыннан танысты. «Халің қалай?» деген қарапайым да маңызды сұрақтың төңірегінде қызметкерлердің мұң-мұқтажы мен ұсыныстары тыңдалып, оларға шынайы қолдау көрсетілді.
Осы жылы жүздесу барысында мемлекеттік қызметтің тарихи маңызына да тоқталып, ұжымды келе жатқан «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» және «Шымкент қаласының қала күні» мерекелерімен құттықтады. Акция аясында және айтулы мерекелерге орай кәсіподақ жұмысына белсене араласып, еңбекте үздік көрінген бірқатар қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Атап айтқанда, өз ісінің шебері атанып жүрген Дильбар Махамбеталиқызы Алтаева мен Айман Мұсақызы Төлегенова беделді «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ ерен еңбегі үшін Талғат Биназарұлы Көмекбаев пен Әсел Сапарқызы Ергешоваға «Құрмет грамоталары» табыс етілсе, Нигина Мырзалықызы Кадирова мен Жандаулет Әбубәкір ұжым атынан арнайы «Алғыс хаттармен» ұлықталды.
Кездесу барысында еңбек адамының қоғамдағы орны мен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі ерекше аталып өтті. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бюджет кірістерінің толық әрі уақытылы орындалуына, заң талаптарының сақталуына күн сайын өз үлестерін қосып келеді. Бұл – жоғары кәсібилікті, адалдықты және табандылықты талап ететін жауапты еңбек.
Осындай қызметкерлердің жетістіктерін кеңінен насихаттау еңбек адамының оң бейнесін қалыптастыруға, қарапайым мамандардың ерен еңбегін қоғамға танытуға мүмкіндік береді. Өз міндетін адал атқарып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген мамандар жастар үшін лайықты үлгі болып табылады. Адал еңбек пен жауапкершілікке негізделген жетістік әрбір азаматтың өз мүмкіндігін тиімді пайдалануына, кәсіби дамуына және қоғам игілігіне үлес қосуына жол ашады.
Сонымен қатар еңбекке құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу және кәсіби біліктілікті арттыру бүгінгі күннің маңызды бағыттарының бірі саналады. Мұндай игі бастамалар патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне ықпал етіп, өз еңбегімен табысқа жетуге ұмтылатын белсенді қоғам қалыптастыруға негіз болады. «Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы да еңбек ұжымдарындағы өзара сенімді нығайтып, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және адал еңбек құндылықтарын кеңінен дәріптеуге өз үлесін қоса береді.

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ СФЕРЫ РЕЛИГИИ

Алдыңғы

АКЦИЯ «КАК ДЕЛА, ПЕРВИЧКА?»: В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ — ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТЬ СОТРУДНИКОВ УПРАВЛЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ДОХОДОВ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *