Бүгін қала тазалығын сақтау және абаттандыру қағидаларының орындалуын бақылау мақсатында жауапты бөлім мамандары мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ кезекті рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында тұрғындарға өз үйлерінің іргелес аумағын таза ұстау, арамшөптерді уақытылы ору, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды аула маңында қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары бойынша ескертулер берілді.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламыздың тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес:
ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша:
— көшелерге, саябақтарға, скверлерге және өзге де қоғамдық орындарға қоқыс тастауға;
— тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмейді.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі (Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша:
— тұрғын үйдің іргелес аумағын қоқыстан тазаламау;
— аулалардағы шөпті уақытылы ормау;
— құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға жинау;
— аумақтың санитариялық тазалығын сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Осыған орай, барша тұрғындарды өз аулаларын, көшелерін және іргелес аумақтарын таза ұстауға, шөпті уақытылы орып, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға шығаруға шақырамыз.
Таза қала – ортақ жауапкершілік. Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!
КЕЗЕКТІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ












Comments