Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ – ПРЕЗИДЕНТ ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫН 23 ТАМЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.-делінген жарлық мәтінінде.

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Әділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

Алдыңғы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ – ПРЕЗИДЕНТ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *