Жаңалықтар

Шымкенттің Абай және Әл-Фараби аудандық ХҚКО-лары 1 шілдеден бастап жұмыс режимін өзгертеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы 1 шілдеден бастап Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Жангелдин көшесі, 13А мекенжайларында орналасқан Абай және Әл-Фараби аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезекші кестемен жұмыс істейтінін хабарлайды.

Бұл ретте Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Рысқұлов көшесі, 80 мекенжайларында орналасқан Тұран және Қаратау аудандық ХҚКО-лары әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кету керек, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады:

№1 МХҚКО — Достық ш.-ауд., 2343/1 және №2 МХҚКО — Асар-2 ш.-ауд., 12Б. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні — сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Алдыңғы

Поздравляем со вступлением в силу Народный Конституций!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *