Жаңалықтар

Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен жиынға Шымкент қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Батыр Ергешов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Кеңес төрағасы Қайрат Акенов, мемлекеттік органдардың жетекшілері мен бизнес өкілдері қатысты.

Бизнес субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдармен ашық диалог орнатуына бағытталған жиынның күн тәртібінде жарнама саласындағы кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданған шаралар, тексерулердің нәтижелері, анықталған бұзушылықтар туралы айтылды.

«Шымкент қаласының прокуратурасы 2,5 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Біз жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сыртқы жарнама бойынша қабылданып жатқан шараларының заңдылығына талдау жүргіздік. Осы бойынша сыртқы жарнаманы орналастырған 4286 кәсіпкерге мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша ұсынымдар берілмей, бұзушылықтарды өз еркімен жою құқығы шектелген, сонымен қатар, жарнама болып табылмайтын 127 маңдайша негізсіз сыртқы жарнама ретінде есепке алынып, төлемақылар белгіленген және сыртқы жарнама нысанын орнатпаған 115 тұлға негізсіз төлемақы төлеушілер ретінде танылғаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бюджетке заңсыз өндірілген 260 млн теңге төлемақы қайтарылып, 2 571 кәсіпкер мен жеке тұлғалардың құқықтары қорғалды. Осы орайда прокуратура кәсіпкерлерді сыртқы жарнаманы пайдалану үшін тиісті басқармаға жарнама орналастыру туралы хабарлама беруге, жарнаманың көлеміне сәйкес есептелетін төлемақыны төлеп, заң талаптарын сақтауға шақырады», – деді қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Батыр Ергешов.

Жиында, бұған қоса. биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31-ге дейін ұлғайтылғаны айтылды, осыған орай әлеуметтік маңызды өнім өндірушілерді қолдау шаралары қолға алынған.

«ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес босату тарифі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушілеріне қолданылады. Заңнамаға сәйкес, мұндай өндірушілер үшін электр энергиясының тарифі 1 кВт·сағатына 41,06 теңгеден 34,31 теңгеге төмендетіледі. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, бағаның тұрақтауына оң әсер етеді» – деді прокурор.

Жиында, сонымен қатар, Қайрат Акенов Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің атқарылған жұмысы мен нәтижелер туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

Алдыңғы

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *