Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің аумағында орналасқан сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру аяқталды.
Әскери бөлімдердегі сайлау учаскелері белгіленген тәртіпке сәйкес өз жұмысын жүргізіп, жеке құрам азаматтық таңдауын жасауға белсенді қатысты. Нәтижесінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамы референдумға толық қатысып, 100 пайыз дауыс берді.
Дауыс беру үдерісі әскери бөлімдер аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қажетті жағдайлар жасалды. Әскери қызметшілер заң талаптарына сәйкес келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Атабек Салихбаевтың айтуынша, жеке құрам референдумға жоғары азаматтық жауапкершілікпен қатысты.
— Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін Отанға қызмет ету – тек әскери борыш қана емес, сонымен қатар азаматтық парызды адал орындау. Бүгін жеке құрам референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Бұл – біздің әскери қызметшілердің мемлекет тағдырына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі, — деді ол.
Айта кету керек, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еліміздегі қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларға әрдайым белсенді қатысып келеді. Референдумға қатысу – олардың Отан алдындағы әскери борышымен қатар, азаматтық жауапкершілігін де жоғары деңгейде сезінетінін көрсетеді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады













Comments