ЖаңалықтарЭкономика

САЙРАМ АУДАНЫНДА 2025 ЖЫЛЫ 181 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Сайрам ауданында инвестиция тарту және экономиканы дамыту мәселелері тұрақты бақылауда. Осыған орай, аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлының төрағалығымен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды қорытындылауға арналған жиын өтті. Жиында 2025 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында баяндалғандай, 2025 жылға негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 170 млрд теңге болып жоспарланған болатын. Алайда жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 181,5 млрд теңгеге жетіп, жоспар 11,5 млрд теңгеге немесе 6,8 пайызға артық орындалды. Бұл аудан аумағында жүргізілген жүйелі жұмыстардың, инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі болып отыр.
2025 жылы Сайрам ауданында жалпы саны 16 инвестициялық жоба іске қосылды. Аталған жобалардың нәтижесінде 570 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылды. Салалар бойынша бөлер болсақ, өңдеу өнеркәсібі бағытында 4 жоба, ауыл шаруашылығы саласында 3 жоба, ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында 6 жоба жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіштер аудан экономикасының әртараптанып келе жатқанын және инвестицияның нақты секторларға бағытталып отырғанын айқын көрсетеді.
Жиында аудан әкімі инвестиция тартудың тек экономикалық өсімге ғана емес, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін атап өтті. Осы бағытта инвесторлармен тұрақты байланыс орнату, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне баса назар аударылатыны айтылды.
Алдағы 2026 жылға арналған жоспарлар да нақты айқындалды. Келесі жылы аудан аумағында жалпы құны 161,2 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Аталған жобалар толық жүзеге асқан жағдайда 2 408 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, аудан экономикасының дамуына тың серпін береді.
Инвестициялық жобалардың басым бөлігі өндіріс, ауыл шаруашылығы, өңдеу салалары мен шағын және орта бизнеске бағытталады. Сонымен қатар логистика, қызмет көрсету және инфрақұрылым салаларында да бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Бұл ауданның экономикалық әлеуетін арттырып, өңірлік маңызы бар өндірістік орталыққа айналуына мүмкіндік береді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестицияларды тиімді үйлестіру арқылы Сайрам ауданында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру басты мақсат болып қала береді. Нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жеделдеп, тұрғындардың өмір сүру сапасы арта түсетін болады.

Қалалық жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алдыңғы

«Пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *