ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

КЕЛЕС: ҚЫЛМЫСТЫ АШУ КӨРСЕТКІШІ ЖАҚСАРДЫ: КЕЛЕСТЕ ПОЛИЦИЯ ЕСЕП БЕРДІ

Келес ауданында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаевтың төрағалығымен аудандық полиция бөлімінің 2025 жылдың жұмыс нәтижелерін қорытындылау отырысы өтті. Шараға аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан аумағындағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері жан-жақты сараланып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Әсіресе, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстарды ашу, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы көрсеткіштер егжей-тегжейлі қаралды.
2025 жылдың қорытындысын талқылау кезінде бірқатар бағыттар бойынша қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны ерекше атап өтілді. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бұл көрсеткіштің өсуі учаскелік инспекторлар мен жедел уәкілдердің үйлесімді жұмысының, профилактикалық шараларды жүйелі жүргізудің және тұрғындармен тиімді өзара байланыс орнатудың нәтижесі болып отыр.
Полковник Бауыржан Зиятаев өз сөзінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – басты міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу, жол-көлік оқиғаларын азайту, жеке құрам арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа мүлде жол бермеу бағытында нақты тапсырмалар берді.
Отырыстың қорытындысында алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, полиция қызметінің тиімділігін арттыру бойынша міндеттер белгіленді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатыны, учаскелік инспекторлар мен жедел уәкілдердің профилактикалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіндігі нақтыланды.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың төмендеуі, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қоғамда тәртіпті күшейту бағытындағы іс-шаралардың нәтижелі өтуі айқын көрініс тапты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бірінші орынға қойылады.
Жалпы, Келес ауданында қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүргізілген іс-шаралар азаматтардың сенімін нығайтып, полиция мен тұрғындар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізуде.

РУХАНИЯТ САҢЛАҒЫ

Алдыңғы

Бүгін Контитуциялық Реформалар реформалар жөніндегі комисмияның алғашқы отырысы өтуде.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *