ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамЭкономика

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бәйдібек ауданында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналған маңызды жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев төрағалық етті. Жиынның негізгі мақсаты – 2025 жылдың қорытындыларын жан-жақты саралап, алдағы 2026 жылға арналған даму бағыттарын нақтылау болды.
Күн тәртібіне сәйкес, ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Атап айтқанда, экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және өзге де маңызды бағыттар бойынша бөлімдер мен мекемелердің есептері тыңдалды. Әр саладағы нақты көрсеткіштер, қол жеткізілген нәтижелер мен орын алған кемшіліктер ашық айтылып, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Жиын барысында 2025 жылы аудан экономикасының бірқатар салаларында оң динамика қалыптасқаны атап өтілді. Әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары, жол инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шаралар кеңінен сөз болды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев өз сөзінде ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жоспарланған көрсеткіштердің сапалы әрі уақтылы орындалуы аса маңызды екенін атап өтті. Ол бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, әрбір саланың жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ қабылданған жоспарлардың орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізу, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу керектігіне ерекше назар аударды.
Жиын қорытындысында 2026 жылға арналған нақты жоспарлар мен басым бағыттар айқындалып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған міндеттер белгіленді. Алдағы кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

Алдыңғы

ЖЕТІСАЙ: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖЕТІСАЙДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *