Жаңалықтар

«ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» ФЕСТИВАЛІ: ЕРЕКШЕ ЖАНДАР СПОРТ АРҚЫЛЫ ЖАҢА БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

AMANAT партиясының бастамасымен және серіктес ұйымдардың қолдауымен «Тең мүмкіндіктер» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт фестивалі ұйымдастырылды. Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өткен ерекше форматтағы инклюзивті спорт фестивалінің маңызы өте зор. Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды спорт арқылы қоғам өміріне бейімдеу, олардың әлеуетін арттыру және тең мүмкіндік қағидатын кеңінен дәріптеу.

Фестивальді AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының Бочча федерациясы қоғамдық бірлестігі өткізді. Іс-шараның ашылу рәсімінде AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, партия филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов инклюзивті спортты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, фестивальге қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, демеушілер, «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Сайыс барысында балалар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бағыттары бойынша өзара сынға түсіп, ерекше белсенділік танытты. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хаттар, медальдар және арнайы сыйлықтар табысталды.

Фестиваль мейірім мен түсіністікке, қолдау мен ынтымақтастыққа толы мерекеге айналып, балалар мен ата-аналардың, ұстаздар мен еріктілердің жүздеріне қуаныш сыйлады.

Инклюзивті спорт сайыстары, фестивальдер одан әрі де жалғасын таппақ.

Фестивальдің аясында өткізілген сайыстар ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелерге жол ашты. Бұл шара балалардың физикалық және рухани дамуына, өз-өзіне деген сенімдерін арттыруға ықпал етіп, оларды қоғамға интеграциялаудың маңызды бір бөлігіне айналды. Сондай-ақ, бұл іс-шара қоғамның осындай балаларға деген мейірім мен қамқорлығын арттыруға бағытталған үлкен қадам болды.

Инклюзивті спорт арқылы жаңа белестерге жеткен қатысушылардың қуанышы мен жетістіктері тек өздеріне ғана емес, олардың отбасылары мен қоғамына да үлкен үлгі болды. Фестивальдің нәтижесі қоғамның барлық мүшелеріне тең мүмкіндіктер мен мейірімнің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар болашақта да жалғасып, ерекше балалардың әлеуетін ашып, олардың қоғамдағы орны мен құқығын нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

 

ИСА БАЙЗАҚОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ – АШЫҚ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *