Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу және мемлекеттік органдармен кері байланысты нығайту мақсатында AMANAT партиясының қалалық филиалы Қаратау ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен аудан әкімдігінің мамандары қатысып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарады.

Көшпелі қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін жедел анықтап, тиісті сала мамандарының қатысуымен тиімді шешу жолдарын ұсыну. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, шалғай аймақ тұрғындарының партиямен тікелей байланысын қамтамасыз ету де басты назарда болды.

Қабылдау барысында Қайтпас-1 шағынауданының тұрғындары коммуналдық қызметтердің сапасына, жарықтандыру жүйесінің істен шығуына және қоқыс шығару қызметтерінің уақытылы көрсетілмеуіне қатысты бірқатар шағымдарын жеткізді. Мәселен, Қызылқайың көшесінің тұрғыны Бақдәулет Спатаев аталған көшеде қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы жиналмайтынын және көше шамдарының бірнеше айдан бері істемей тұрғанын мәлімдеді.

Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдері көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында биылғы жылдың басынан бері Шымкент қаласында 23 мобильді қабылдау ұйымдастырылып, 500-ге жуық азаматтың өтініші тіркелген.

Мұндай форматтағы қабылдаулар азаматтардың өзекті мәселелерін тікелей жеткізуіне және уақтылы жауап алуына мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында айтылған мәселелер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, тиісті шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, Қаратау ауданында өткізілген көшпелі қабылдау осындай кездесулердің нәтижелі әрі тиімді ұйымдастырылуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Мұндай іс-шаралар тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп, әлеуметтік қолдау алу үшін маңызды алаң болып қалуда.

Алдағы уақытта партия мен жергілікті билік осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен күнделікті өмір сүру сапасын арттыру үшін тиісті іс-шараларды қолға алады. Қоғамдық қабылдауларға қатысушыларға барлық мәселені шешу үшін қажетті көмек көрсетіледі, ал ұсыныстар мен талаптар нақты әрі сапалы шешімдерге негіз болады.

 

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ШЕБЕРЛЕРІ БАҚ СЫНАУДА

Алдыңғы

ИСА БАЙЗАҚОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *