Шымкентте жыл басынан бері халыққа 2 жарым миллионға жуық консультациялық -диагностикалық қызмет көрсетілді. ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметінше, оның 80 пайыздан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.
Қалада бүгінгі таңда 41 медициналық мекеме КТ және МРТ, 36 медициналық ұйым сандық рентгенография қызметін көрсетеді. Ауруды анықтау мақсатында сондай-ақ колоноскопия және бейне-электроэнцефалография,ультра-дыбыстық зерттеулері қарқынды жүргізіледі. Консультациялық-диагностикалық қызметтердің барлық түрлерін көрсететін медициналық ұйымдардың бірі – қалалық диагностикалық орталығы. Мұнда МӘМС есебінен 9 айда 4 мыңнан астам компьютерлік томография, 2 мыңнан астам магниттік-резонанстық томография зерттеулері жүргізілген. Пациенттерге медициналық кеңес беріп, қызмет көрсетуге 100-ден астам жоғары білікті дәрігер жұмылдырылған.
Айта кету қажет, науқасқа диагностикалық процедураны емдеуші дәрігер тағайындайды. Көрсеткіштер болған жағдайда дәрігер КТ немесе МРТ жүргізуге жолдама бере алады. Бұл қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациентте МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің болуы тиіс.
Биыл қаладағы медициналық ұйымдарда көрсетілетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыруға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 21 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.
Шымкентте биылғы жылы халыққа медициналық қызмет көрсету көлемі едәуір артты. Қаладағы медициналық мекемелер түрлі диагностикалық қызметтерді ұсынады, соның ішінде компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, рентгенография, ультрадыбыстық зерттеулер сияқты маңызды қызметтер қолжетімді. Бұл қызметтердің басым бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы қаржыландырылған, бұл халыққа көрсетілетін медициналық көмекке қолжетімділікті арттырды.
Қаладағы бірнеше медициналық орталық пен аурухана тұрғындар үшін жоғары сапалы диагностикалық зерттеулер өткізіп, арнайы мамандар арқылы кеңестер мен қызметтер ұсынады. Сонымен қатар, пациенттерге медициналық процедураларды алу үшін дәрігердің тағайындауы қажет. Биыл медициналық қызметтерді қаржыландыруға айтарлықтай қаражат бөлініп, бұл саладағы инфрақұрылымның дамуына үлкен үлес қосып отыр.













Comments