Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков есепті кездесулердің соңғы күні Тоғыз, Тұрдыабад тұрғын алаптарының Қаратөбе, Алатау көшелерінің және «Жеңіс» саябағының жанындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында жол-көлік инфрақұрылымы, өзен жағалауы мен «Бадам» су қоймасын абаттандыру, сондай-ақ шалғайдағы көшелерді жарықтандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар тарапынан «Оқушылар сарайын» салу, автотұрақтар, жаяу жүргіншілер өткелдері мен суару жүйелерін ұйымдастыру ұсыныстары жолданды.
Қала басшысы ауданда атқарылған жұмыстар мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді шараларға тоқталды. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін Сайрам тұрғын алабында сорғы станциясы іске қосылды, Базарқақпа шағын ауданында Мәдениет үйі қайта салынды. Келесі жылы «Қазығұрт» мәдениет үйін қайта жаңарту жоспарлануда.
Сонымен қатар, соңғы екі жылда Қаратөбе, Еламан, Қарабастау, Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды. Қаланың шығыс бөлігінің көліктік қолжетімділігін жақсарту үшін Момынов және Тіленшин көшелерінде екі ірі автомобиль өткелдерінің құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда Еңбекші ауданында 57 шақырым жол төселіп, биыл 73 шақырымнан астам жолды аяқтау жоспарлануда. 530 көше жарықтандырылды, тағы 85 көшеге жыл соңына дейін жарық жүйелері жүргізіледі.
Көшпелі кездесулердің қорытындысы бойынша тұрғындардың өтініштеріне жан-жақты талдау жүргізіліп, шешімдері кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Көшпелі кездесулердің нәтижесінде қала әкімдігі тұрғындардың өтініштеріне және ұсыныстарына толық көңіл бөлуге, оларды шешу жолында қосымша қадамдар жасауға міндеттеме алды. Бұл жұмыстардың бәрі Шымкент қаласының даму қарқынын арттырып, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталатыны анық. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту және қоғамдық қажеттіліктерге жауап беру — басты приоритеттердің бірі болып қала бермек.

Жолдаудағы міндеттер талқыланды

Алдыңғы

Шымкентте театрлар зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер ұсынады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *