Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРДІ: ТҰРҒЫНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЖАҢА СЫЗБАЛАР БЕКІТІЛДІ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру, тұрғындардың қатынау мүмкіндігін арттыру және жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында тұрғындардың көптеген өтініштері негізінде маршруттардың сызбаларына талдамалық жұмыстар жүргізіліді. Соның аясында бірқатар тұрақты автобус маршруттары оңтайландырылды.

Атап айтқанда:

— №2 автобус маршруттың сызбасы Қайнар бұлақ тұрғын алабындағы Бозторғай көшесіне дейін ұзартылды;

— №9 автобус маршруттың қозғалысы Бозарық шағын аудандағы №146 мектеп арқылы ұйымдастырылды;

— Бозарық шағын ауданы тұрғындарының өтінішіне сәйкес №171а автобус маршруттың қозғалысы Арша көшесінен ұйымдастырылды;

— №12 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы Жиделі шағын аудандағы орналасқан сауда-логистикалық орталығына дейін ұзартылды;

— Самал-3 шағын ауданда Ізенді көшесінің қайта-құру жұмыстарын аяқталуына байланысты, №54 автобус маршруттың қозғалысы аталған көшемен ұйымдастырылды;

— «ШымСити» шағын ауданында орналасқан «ДауМед» емханасы арқылы №108 автобус маршруттың қозғалысы ұйымдастырылды;

— №19 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы аэропорттың жаңа терминалына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, №52 бағыттағы автобустың сызбасы айналма маршруттан тікелей маршрутқа өзгертіліп, тұрғындарға қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында оңтайландырылды. Аталған бағыттың қозғалыс жиілігі қысқартылып, қазіргі таңда Алаш базары – Айбергенов көшесі аралығында 18 кестемен және 10 минуттық аралықпен қызмет көрсетуде.

Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру бағытында жасалған өзгерістер қала тұрғындарының ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір автобус маршрутының сызбасы тұрғындардың өтініштері мен сұраныстарын ескере отырып оңтайландырылды.

Ең бастысы, автобустардың қозғалыс сызбалары тек әлеуметтік қажеттіліктерге жауап беріп қана қоймай, жаңа инфрақұрылым мен даму қажеттіліктеріне де бейімделуде. Бұл өзгерістер қоғамдық көліктердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға, қаладағы көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосады.

МӘМС: ШЫМКЕНТ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА АСА КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Алдыңғы

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *