Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КӨЛ АУМАҒЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ СУБҰРҚАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінде Көл (Озеро) маңынан заманауи үлгіге сай субұрқақ салынып жатыр. 100-ден астам су атқыш құрылғысынан түрлі биіктікте су атқылай отырып, әуен ырғағына сәйкес қозғалыстар жасалады. Фонтан заманауи LED жарық шамдарымен жабдықталып, түрлі-түсті жарық шоуларын ұсынады.

Айта кетейік, көлдің астын тазалау мақсатында су көлден Қошқар ата өзеніне ағызылды. Қазіргі таңда жәндіктер әлемі (балықтар) көл ішіндегі бұлақ көзі бар арықта сақталуда. Сондықтан да жергілікті халықтың балықтардың тіршілігіне алаңдауына негіз жоқ.

Жалпы қала аумағында 65 нысанда 86 субұрқақ орналасқан. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде 25 нысанда 40 субұрқақ бар. Қалған 40 мекен-жайдағы 46 субұрқақ басқа да мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің теңгерімінде. Қазіргі таңда басқарманың теңгеріміндегі субұрқақтар толықтай кестеге сәйкес жұмыс атқаруда.

Биылғы жылы 15 субұрқақтың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Абай ауданында – 3, Әл-Фараби ауданында – 4, Еңбекші ауданында – 2, Қаратау ауданында – 4, Тұран ауданында – 2 нысан қолданыста.

Бұл музыкалық субұрқақтың құрылысы қалада тек көрікті орындардың санын арттырумен шектелмейді, сонымен қатар тұрғындар үшін жаңа демалыс мәдениетін қалыптастырады. Судың әуенмен үйлесуі және жарық шоулары Шымкенттің түнгі өмірін жандандырып, қалаға ерекше атмосфера сыйлайды. Мұндай субұрқақтар қала инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, оның заманауи бет-бейнесін қалыптастырады.

Жалпы, осындай жобалар қала тұрғындары мен туристердің қалаға деген қызығушылығын арттырады. Бұл елдің табиғи ресурстарын сақтап, экологиялық балансты бұзбай дамытудың маңызды үлгісі. Сонымен қатар, көлдегі балықтардың тіршілігіне алаңдамау, экологиялық көзқараспен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі екенін көрсетеді.

Қаланың түрлі аудандарында орналасқан субұрқақтар көрнекі элементтер ғана емес, әр ауданның бірегейлігін көрсететін белгілерге айналуда. Осылайша, жаңа нысандар қала мәдениетінің бөлшегіне айналып, тұрғындарға тынығу және демалу мүмкіндіктерін ұсынады.

 

Шымкент: Базарқақпа тұрғындарына бос жұмыс орындары таныстырылды

Алдыңғы

«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *