Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ АШЫЛДЫ

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің ашылу салтанатына Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Дәстүр бойынша Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Оқу орнының жеке құрамы, әкімдік, қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен “Жас сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері аты аңызға айналған әскери қолбасшыны бір минут үнсіз тұрып еске алды. Әскери оркестрдің салтанатты сүйемелдеуімен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқу корпусының басты кіреберісіндегі символдық лентаны қиды. Қорғаныс министрі салтанатты іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

– Жаңа колледж батылдықтың, әскери борышқа адалдықтың және Отанға деген сүйіспеншіліктің символы – даңқты командир, Кеңес Одағының тұңғыш қазақ генералы Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Сабыр Рахымов – абырой мен батылдықтың биік үлгісін көрсеткен қазақтардың бірі. Сендер оқитын орынға ерекше миссия жүктелген. Ол міндет – қиын жағдайларда шешім қабылдауға, кәсіби және жауапкершілікпен әрекет етуге қабілетті жоғары білікті сержанттарды даярлау. Шымкент қаласының әкіміне гарнизон әскери қызметшілеріне тұрақты түрде көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін, әскери бөлімдер мен мекемелерді абаттандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріндегі еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Қорғаныс министрі ризашылық белгісі ретінде Ғабит Сыздықбековке «Ел қорғаны» ведомстволық медалін табыс етті. Министр оқытушылар мен командирлерге тәрбиеленушілерге кәсіби дағдыларды ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық рух пен патриотизмді бойларына сіңіріңдер деді. Ал болашақ сержанттарға мықты денсаулық, оқуда жақсы нәтижелер, тәуелсіз мемлекеттің өркендеуі жолындағы толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.

 

МӘМС: Шымкент емханаларында түсіндіру жұмыстары және өзара әріптестік күшейтілуде

Алдыңғы

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де грант иегерлеріне сертификаттар табысталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *