Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда елімізде 1300-ге жуық мектеп реновацияланады. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ағымдағы жылы 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары, 1 білім нысанының жылыту жүйесін жаңарту және 1 балабақшаны жөндеу жоспарланған.
Бүгінде жоспарға сәйкес бірқатар әлеуметтік нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары толық атқарылды. Атап айтқанда: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатның Б, В, В1, В2, М, Д, Д1, Д 2, Д 3 оқу ғимараттары, Ө. Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейі ғимараты, Ақпан батыр атындағы» №10 жалпы орта мектеп ғимараты, Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты, Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы білім беретін орта мектеп жылу жүйесі, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназия ғимараты, № 75 мектеп-гимназия ғимараты, № 99 мектеп-гимназия ғимараты, Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты, № 109 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты және №97 балабақша ғимараты.
Мектептер заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ғимараттардың қауіпсіздігі күшейтіліп, тартымдылығы арта түсті.
Бұл жөндеу жұмыстары тек ғимараттардың сыртқы түрін жақсартып қана қоймай, мектептер мен балабақшалардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи, жайлы және қауіпсіз орта қалыптасады. Сондай-ақ, мұндай жаңартулар білім сапасының артуына, оқушылардың білімге деген ынтасының жоғарлауына әсер етіп, жалпы білім беру жүйесін дамытуға оң ықпал етеді. Жаңартылған нысандардың болашағы жарқын әрі сапалы білім беру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатыны сөзсіз.
Осылайша, жүргізілген инфрақұрылымдық өзгерістер білім беру мекемелерінің тек материалдық базасын нығайтып қана қоймай, олардың педагогикалық әлеуетін де арттырады. Жаңартылған мектептер мен балабақшалар заманауи оқу әдістемелері мен цифрлық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде білім беру процесінің сапасын жаңа деңгейге көтереді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындары білім алудағы тең мүмкіндіктер мен жоғары сапалы қызметтерге қол жеткізеді.
Comments