Жаңалықтар

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өткізілді. Бұл экологиялық шара ауданның тазалығын сақтап, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мекемесінің мамандары белсене қатысып, әртүрлі аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, шараға 70-ке жуық адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 20 тонна қоқыс шығарылды.

2025 жылғы 20 қыркүйектегі «Таза қала» жалпықалалық сенбілік жұмыстарының нәтижелері ауданның тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс көлемін көрсетеді. Барлық мемлекеттік және коммуналдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері мен 937 қызметкердің қатысуы қала тазалығына қосқан зор үлес болып табылады. Бұл шаралар халықтың ынтымақтастығын нығайтуға, қоғамдық сананы көтеруге және қала өмірінің сапасын арттыруға оң әсер етті.

Алдағы уақытта да Шымкент қаласының әрбір тұрғыны осы игі шараларға атсалысып, қала тазалығын сақтауға өзінің үлесін қоса берері сөзсіз. Тазалықты сақтау — тек күнделікті қажеттілік қана емес, қоғамның бірлігі мен мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Құрметті тұрғындар!
Аула мен көшелердің тазалығы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сіздерді туған қаламыздың көркін арттыруға, тазалықты сақтап, Шымкентімізді таза әрі жайлы қала етуге үлес қосуға шақырамын.

2025 жылғы 20 қыркүйек күнгі «Таза қала» жалпықалалық сенбілік жұмыстарының нәтижелері:

  • Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты («Әл-Фараби» КММ):
    • 100 қызметкер
    • 7 техника
    • 20 тонна қоқыс шығарылды
  • Тұрғын үй басқармасы:
    • 25 қызметкер
    • 0,5 тонна қоқыс шығарылды
  • Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы:
    • 35 қызметкер
    • 2 техника
    • 0,4 тонна қоқыс шығарылды
  • Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы:
    • 32 қызметкер
    • 2 техника
    • 0,37 тонна қоқыс шығарылды
  • Білім басқармасы:
    • 45 қызметкер
    • 0,4 тонна қоқыс шығарылды
  • Дін істері басқармасы:
    • 700 қызметкер
    • 3 техника
    • 0,54 тонна қоқыс шығарылды

Жалпы аудан бойынша:

  • 937 қызметкер
  • 14 техника
  • 22,21 тонна қоқыс шығарылды

Атқарылған негізгі жұмыстар:

  • Қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу
  • Шөп шабу
  • Жолдар мен аяқжолдарды жуу
  • Қоқыс алаңшаларын жуу
  • Жалпы тазалық жұмыстары және басқа да іс-шаралар

Бұл сенбілік жұмыстары қаламыздың көркін арттыруға және таза әрі жайлы ортаны сақтауға зор үлес қосуда. Шымкенттің әр тұрғыны осы игі істерге атсалысып, өз қаласын таза және көрікті ету үшін үлес қосуды жалғастырады деп сенеміз!

 

ӨЗБЕК ЭТНОСЫ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Алдыңғы

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУЫ СОҒЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *