ӘлеуметБизнесЖаңалықтарҚоғамЭкономика

Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық өсімнің негізгі бағыты

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда көптеген аймақтарда өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істеп келеді. Оларды халық жақсы біледі және бұл кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен енгізу арқылы өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруда.

Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамту ісіндегі үлесі 50 пайызға жуықтап отыр. Бұл көрсеткіштер жаман емес, дегенмен аталған саланы жүйелі түрде жетілдіру арқылы ғана экономиканы дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тың серпін беруге болады.

Сонымен бірге, министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын қолға алуы қажет. Басты мақсат – ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен толық қамтамасыз ету және осы саланың экспорттық әлеуетін арттыру.

📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың
2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауынан*

#АуылШаруашылығы #Кәсіпкерлік #Цифрландыру #ЭкономикалықДаму #ПрезидентЖолдауы

ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ: РОЛЬ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА В УКРЕПЛЕНИИ ДРУЖБЫ И СОТРУДНИЧЕСТВА

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *