«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдауды Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев жүргізіп, тұрғындардың көтерген мәселелерін тыңдап, тиісті түсіндірмелер берді.
Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері негізінен құқықтық және әлеуметтік бағыттағы жәрдемге қатысты болды. Мәселен, Байтуған көшесінің тұрғыны өзінің негізгі ұлты өзбек екенін, алайда белгісіз себептермен жеке куәлігінде ұлты “қазақ” деп жазылып кеткенін айтты. Құжаттағы бұл деректі өзгерте алмай жүрген тұрғын аталған мәселеге байланысты көмек сұрады. Ғани Ташқараев бұл жағдайды заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, алдымен мұрағаттардан тиісті құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға ресми түрде өтініш беру қажет екенін айтты.
Сондай-ақ, Қазына көшесінің зейнеткер тұрғыны көршісінің үйіне кіріп-шығатын жолды жауып тастағанын айтып шағымданды. Тұрғын бұл мәселені реттеп, жолдың қайта ашылуына ықпал етуді сұрады. Комиссия төрағасы бұл даулы мәселенің екі тараптың өзара келісімі арқылы шешілуі керектігін айтып, алдағы уақытта тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді.
Жалпы қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесі мұқият қаралып, заң шеңберінде жауаптар берілді. Партиялық бақылау комиссиясы азаматтардың өтініштеріне бейжай қарамай, әрбір шағымның шешілуіне ықпал етуді басты назарда ұстап келеді. Бұл қабылдау шарасы азаматтардың құқықтық мәселелерін тиімді шешуге бағытталған әрі олардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің барлығы тиісті органдарға жеткізіліп, шешімдер қабылдау үшін қажетті шаралар қолға алынатыны атап өтілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында осындай қабылдаулар жалғасын тауып, тұрғындармен тұрақты байланыс орнату маңызды. Бұл жұмыстар ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың мәселелерінің уақтылы және тиімді шешілуіне ықпал етеді.
Comments