Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков Сәуле шағынауданы 195, 276 орамдарға барып, елдімекеннің қазіргі жағдайымен танысты. Сапар барысында аудан басшысы тұрғындармен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аумақтың абаттандырылуы, аяқжолдардың жағдайы, санитарлық тазалық және басқа да маңызды мәселелер басты назарға алынды.
Тұрғындардың ой-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдағаннан кейін, әкім бірнеше мәселелер бойынша тиісті қызметтерге тапсырмалар беріп, жұмыстарды ретке келтіруді тапсырды.
Сонымен қатар, бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты аудан аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікте тазалық жұмыстарына аудан әкімдігі, «Таза Өлке» ЖШС және «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Бұл шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға ынталандырып, экологиялық сана-сезімдерін қалыптастыру. Бұл шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама болып табылды.
Сенбілік барысында аумақты тазарту, қураған ағаш бұтақтарын кесу, легустраларды бұтақтап, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арықтар мен жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы қоқыстар жиналып, ирригациялық жүйелер толықтай ретке келтірілді. Сенбілік барысында шығарылған қоқыс көлемі үлкен болды, ол аумақтың тазартылып, көріктенуіне оң әсерін тигізді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде аумақтың экологиялық ахуалы жақсарып, тұрғындардың өмір сүру жағдайы айтарлықтай жақсара түсті.
Тазалық жұмыстарына 70-тен астам адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды, нәтижесінде аумақты 7 тонна қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталды. Бұл сенбілік барысында атқарылған жұмыстар, әсіресе аумақтың көріктенуіне және экологиялық тұрғыда тазартылуына зор әсерін тигізді. Осылайша, бүгінгі сенбілік тұрғындардың бірлескен күш-жігері арқасында қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлкен үлес қосты.
Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков алдағы уақытта да тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары негізінде жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды қаланың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және әрбір адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға шақырады. Қаламызды таза және әсем ұстау – бұл біздің ортақ міндетіміз!
Comments